Оқиға

Алматының неге жарықсыз қалғаны белгілі болды

CC0 / / Электр энергиясы
Электр энергиясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2-ші ЖЭС-тағы техникалық ақау салдарынан мегаполис жарықсыз қалған

АЛМАТЫ, 15 шілде — Sputnik. Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы мегаполистің неге жарықсыз қалғанын түсіндірді.

"Бүгін 15 шілде күні сағат 14:14-те "АлЭС" АҚ  2-ші жылу электр стансасында техникалық ақау болды. Салдарынан қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта 2-ші жылу электр стансасына КЛ-220 кВ бойынша электр энергиясы берілді. Сондай-ақғ қаланың сыртқы желілері (KEGOC 220 кв желісі) бойынша Алматы жарыққа қосылып жатыр. Алдағы 1-1,5 сағат ішінде қалпына келеді", - делінген хабарламада.

Электр энергиясы сағат кешкі 17:00 кезінде толық қалпына келеді.

© Photo : пресс-служба ДП АлматыҚаладағы бағдаршамдар істемей қалған кезде жол қозғалысын полиция қызметкерлері бақылауға алды
Қаладағы бағдаршамдар істемей қалған кезде жол қозғалысын полиция қызметкерлері бақылауға алды - Sputnik Қазақстан
1/3
Қаладағы бағдаршамдар істемей қалған кезде жол қозғалысын полиция қызметкерлері бақылауға алды

2/3

3/3

Басқарма мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта қаладағы бағдаршамдар іске қосылған. Полицияның 450 қызметкері жол қозғалысын реттеуге жұмылдырылды.

"Арнайы жұмыс тобы апаттың себебін анықтап жатыр. Жағдай бақылауға алынды",-  деді басқармадағылар.

Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ең алдымен орталық магистраль жолдар жабылған. Кейін полиция қызметкерлері өзге көшелердегі жол қозғалысын бақылауға алды. Жол апаты тіркелген жоқ.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚала жарықсыз қалғандықтан, троллейбустар істемей тұр
Алматының неге жарықсыз қалғаны белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Қала жарықсыз қалғандықтан, троллейбустар істемей тұр
Жаңалықтар
0