НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында SsangYong қызметтік көлігі апатқа ұшырап, екі полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 13 шілде, сенбі күні Алматы – Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында болған. Ішкі істер министрлігі Мойынқұм аудандық бөлімінің полицейлері бөлімге көші-қон заңын бұзған Өзбекстан азаматын әкеле жатқан.
Тағы оқыңыз: Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза болды
Тіркелген факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әлеуметтік желідегі megapolis.kz парақшасында жол апатының видеосы жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram