НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Синоптиктер Қазақстанның төрт өңірі мен елорда тұрғындарына 15 және 16 шілдеде аптап ыстық болатынын ескертті.
Дабылды ескерту
15-16 шілде күндері күндіз Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Нұр-Сұлтанда 16 шілдеге дабылды ескерту жарияланды, мұнда аптап болады деп болжануда, сынап бағанасы 35 градустан жоғары көтеріледі.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
Дабылды ескерту Қызылорда (+43 градус), Қостанай (+39 градус), Солтүстік Қазақстан (+37 градус) облыстарына да қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 37 градус ыстық болады деп болжануда.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда, синоптиктердің болжауынша, 15 шілдеде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы 32-35 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күндіз ыстық болады, мұнда да жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы 30-32 градус ыстық.
Шымкентте ауа райы ашық болады, күндіз 36-38 градусқа дейін аптап болады.
Өңірлердегі ауа райы
Түнде Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында, күндіз Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Сондай-ақ, Қазгидромет Қызылорда облысында, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болатынын ескертеді.