Бес баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты - фото

CC0 / / Свадьба, иллюстративное фото
Свадьба, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал әнші құдай қосқан қосағының кім екенін құпия сақтауды жөн көрді

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші, көпбалалы ана Динара Сұлтан күйеуге шықты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлаған.

Желіде жарияланған суретте Динара әдемі көйлек киіп, қыздардың ортасында тұр.

View this post on Instagram

A post shared by Dinara Sultan (@dinara_sultan1) on

"Иә, мен тұрмысқа шықтым. Куәгерлерім өзімнің балаларым болғаны қандай керемет. Сондай бақыттымын. Баршаңызға осындай бақытты бастан кешуді тілеймін", - деді әртіс Instagram парақшасындағы постында.

Әншінің жары кім екені белгісіз, бірақ желі қолданушылары бұл жігітпен Динара Сұлтанның баяғыда көңіл қосқанын біледі. Әнші #10years деген хэштег арқылы сүйіктісімен он жылдан бері бірге екенін білдірген.

Тағы оқыңыз: "Қазақстан аруы" атанған қыз күйеуге шықты - фото

Оқырмандар Динарадан балаларының әкесі кім екенін сұрап әлек, алайда ол мұны құпия сақтауды жөн көріп, тіпті ортақ суреттерін жариялағанда  да бет-бейнесін жасырып, фанаттарының қызығушылығын одан сайын күшейте түседі.

Динара Сұлтан - қазақстандық әнші, 2006 жылы SuperStar.kz жобасына қатысқаннан кейін кең танымалдыққа ие болды. Кейінірек әртіс China town тобының құрамында ән айтқан болатын.

Жаңалықтар
0