Қоғам

Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады

© Sputnik / Владислав ВодневЖүрек талмасы, иллюстративті сурет
Жүрек талмасы, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың мәліметінше, жүрек талмасынан қайтыс болғандардың бәрі бұл "сигналдарға" мән бермеген

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғуы мүмкін белгілерді атады, деп хабарлайды JAMA Cardiology.

Мамандар Финляндияда 1998-2017 жылдары жүрек талмасынан көз жұмған 5 869 тұрғынның медициналық мәліметін зерделеген. Белгілі болғандай, 1322 адамның өлер алдында жүрек талмасы ұстапты. Алайда олар бұдан хабарсыз болғандықтан, дәрігерге жүгінбеген.

Ғалымдардың айтуынша, "үнсіз" жүрек талмасы жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғады. Көп жағдайда адамдар мұны сезбей қалады екен.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар ер адамның күш-қуатын арттыратын азық-түлікті атады

Осы орайда мамандар жүрек талмасына әкелетін белгілерді атады. Олар: жүректің айнуы, асқазандағы ауырлық сезімі, бұлшық еттің ауыруы, шектен тыс тершеңдік, бас айналу, аяқ-қолдың ұйып қалуы, үнемі шаршаңқы жүру, кеуде тұсындағы жайсыздық.

Жаңалықтар
0