Мәдениет

"Бұл махаббат": Ержан Максим мен Алсудың қызы клип шығарды – видео

© Photo : YouTube / Mikella AbramovaЕржан Максим мен Микелла Абрамова
Ержан Максим мен Микелла Абрамова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейнебаянға Алсудың кіші қызы Микелла Абрамова ғана емес, үлкені Сафина Абрамова да түскен

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. "Голос. Дети" жобасы алтыншы маусымының жеңімпаздары Ержан Максим мен Микелла Абрамова "Бұл махаббат" атты әнге бейнебаян түсірді. Желіде жарияланған клип төрт жүз мыңнан астам рет қаралып үлгерген.

"Міне Ержан Максиммен бірге түсірген бейнебаянымыздың көптен күткен тұсаукесері. Бұл ең мөлдір сезім – махаббат жайлы өте әдемі оқиға. Махаббатты әрқашан жүректе сақтау керек екенін ұмытпайық!", - деп жазды Микелла.

Бейнебаянға Алсудың үлкен қызы Сафина Абрамова да түскен.

Микелла бейнебаянның түсіріліміне қатысқан барша жанға алғысын айтты. Клип режиссері – Александр Филатович, ал продюсері – Дмитрий Климашенко.

Голос. Дети" төңірегіндегі дау

Осы жылдың 26 сәуірінде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Алсудың 10 жасар қызы Микелла Абрамова 56,5% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финалдың әділ өтпегенін айтып, шу шығарған еді. Осыдан кейін Бірінші арна финал қорытындысын қайта тексеріп, тіпті Group-IB халықаралық компаниясын тексеріске тартты.

Тағы оқыңыз: "Тіл-көзден сақтасын": Ержан Максимнің алғашқы концерті қалай өтті?

Тексеріс нәтижесінде шоу кезінде дауыс беру кезеңіне сырттан ықпал болғаны анықталды. Осылайша байқау нәтижесінің күші жойылды.

Осыдан кейін 24 мамырда барлық финалистің қатысуымен "Голос.Дети" жобасының арнайы шығарылымы өтті. Ресейлік арна басшылығының шешімімен арнайы шығарылымда финалға шыққан балалардың барлығы жеңіске жетті. Жеңімпаз сыйлығын бірінші болып Ержан Максим алды.

 

Жаңалықтар
0