Оқиға

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы да бас көтерді - видео

© Sputnik / Арман АскарМногодетные женщины вышли на митинг у здания правительства
Многодетные женщины вышли на митинг у здания правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы аналар баспана алу үшін тізім жасап, әкімдікке тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Елордалық көпбалалы аналар үкімет алдына митингіге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Олардың басты талабы - баспана. Митингіге жиналғандар тізім жасап, әкімдікке тапсырды. Тізімде 59 адамның аты-жөні жазылған.

"Біз үй талап етіп жатырмыз. Қазір баспана кезегінде тұрған адамдар көп. Неге мемлекет ондай жағдайға жеткізіп отыр? Қазақстанның байлығымен баспана кезегі мүлдем болмауы керек. Біз арендалық пәтерге іліге алмай отырмыз. 2 проценттік ипотека алайын десек, "созаемщик" сұрайды. Оны алу үшін жалақының көлемі 42 500 теңге болуы керек. Содан сәл асып кетсе, бермейді , - дейді көпбалалы ана Фируза Абызова.

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аналардың бәрін жеке-жеке қабылдаймын деп әкімдікке шақырды.

"Мына жерде бір ғана мәселе көтеріліп отыр. Ол - баспана. Ал баспана мәселесін шешу үшін біз осы жерге жиналған әрбір адамды жеке-жеке қарап, құжаттарын тексеруіміз керек. Бәріміз автобусқа отырайық, әкімдікке барайық. Мен бәрін жеке-жеке қабылдаймын", - деді ол.

© Sputnik / Арман АскарКөпбалалы аналардың басты талабы - баспана
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы да бас көтерді - видео - Sputnik Қазақстан
Көпбалалы аналардың басты талабы - баспана

Бірақ көпбалалы аналар әкімдікке баруға келіспеді. "Баспана" деп ұрандатып, үкімет алдында тұра берді.

"Біз әрбір ананың мұң-мұқтажын түсініп отырмыз. Көпбалалы отбасы екенін де білеміз. Бірақ қазір үйді бере салу деген жоқ. Бізде үй кезегінде көп адамдар тұр. Оларды да ұмытпауымыз қажет", - деп Бақтияр Мәкен әйелдерді тыныштандыруға тырысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова көпбалалы аналардың талап-тілектерін растады.

"Қазір қойып отырған негізгі талаптары ол - үй беру. Енді әкімдік дәл қазір бәріне үй таратып береді деп айта алмаймын. Негізі, баспанаға мұқтаж адамдардың бір бөлігіне арендалық пәтерлер беріледі. Әйелдердің тағы бір тобы бастапқы жарнамыз бар дейді. Кредит беруді сұрайды", - деді Жақыпова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетсек, бүгінде Нұр-Сұлтанда 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3 мыңнан астамы көпбалалы отбасы екен. Биыл көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға шамамен 2 мың пәтер беру жоспарланған.

Жаңалықтар
0