Әлем

Мәскеу – Киев телекөпіріне қатысқандар дағдарыстан шығудан үмітті

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей мен Украинаның арасында бірнеше жылдан кейін алғаш рет телекөпір өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. "Россия 1" телеарнасындағы "Сөйлесу керек" бағдарламасының студиясында  Ресей мен Украинаның арасында бірнеше жылдан кейін өткен телекөпірге қатысушылар қос елді дағдарыстан қалай шығаруға болатыны туралы пікір алмасты, сондай-ақ қарапайым адамдардың неден үміттенетінін айтты.  

Ресей және Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленский адамдар зардап шекпеуі үшін екі елдің қарым-қатынасындағы қазіргі дағдарыстан шығудың жолын таба алады, деп сенім білдірді украиналық продюсер Юрий Фалеса "Сөйлесу керек" Ресей-Украина телекөпірі барысында. 

Тағы оқыңыз: Назарбаев Украина үшін алаңдайтынын айтты

"Әкем Ялтада, ал анам Йошкар-Олада тұрады" деген ол Ресейде туыстары бар украиналықтар үшін жақындарына бару қиындап кеткенін атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.

 "Ресейге де, Қырымға да жиі барып тұрамын. Адамдармен сөйлесемін – шындығында бәрі саясаттан, қазіргі жағдайдан шаршаған, бәрі бейбітшілікті қалайды", - деді Фалеса "Россия 1" теларнасының эфирінде.

Ол жақын арада елдер арасындағы қарым-қатынас жақсарады деп үміттенетінін жасырмады.   

"Мен олар (Ресей және Украина президенттері – Sputnik) қазір адамдар зардап шегіп, қиындық көрмеуі үшін бір жолын қарастырып жатыр деп ойлаймын, туыстарың Ресейде болғаны өте қиын, қазір оларға бару мұң болып тұр", - деп атап өтті ол.

Украинаға кіруге тыйым салынған актер Владимир Меньшов қалыптасқан жағдайды емделуі тиіс ауыр сырқатқа теңеді.

 "Өкінішке қарай, мен мұны теледидар арқылы ғана айта аламын, өйткені Украинаға кіре алмаймын, тыйым салынғандардың тізімінде тұрмын. Мен мұны емделуі тиіс ауыр сырқат секілді көремін, өйткені Киевке бара алмай отыру деген ақылға қонбайды", - деді ол.

Ал "В бой идут одни "старики" фильмінде Ромеоның рөлі арқылы танылған актер Рустам Сагдуллаев: "Достықтан қашып қайда барамыз. Біз міндетті түрде дос болуымыз керек", - деді.

Айта кетейік, Украина тарапынан телекөпірді NewsOne арнасы қолдауы тиіс еді, дегенмен бағдарлама аңдатпасы саясаткерлер мен журналистердің қарсылығына тап болды. Украинаның бас прокуратурасы "Мемлекеттік опасыздық жасауға ұмтылу" бабы бойынша телеарнаға қарсы  қылмыстық іс қозғады.

Дүйсенбіде NewsOne қызметкерлерге зорлық-зомбылық қаупі төнуіне байланысты телекөпірді өткізуден бас тартатынын мәлімдеді. Осыдан кейін "Россия 1" алдымен қатысушыларды Мәскеуге өз студиясына шақырды, ал кейін Украина тарапы эфирге Skype арқылы шығатынын мәлімдеді.

Шақырылған қонақтар екі елді байланыстыратын адамдардың тағдыры туралы естеліктер айтты.

 

Жаңалықтар
0