Мәдениет

Димаш Тоқаевтан эстафета қабылдады - видео

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш на коцерте в Нур-Султане
Димаш на коцерте в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген Абайдың өлеңін мәнерлеп оқыды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды.

Әнші бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлап, видеосын жүктеген.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым", - деп жазады Димаш.

Қазақ әншісі Абай Құнанбайұлының "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Абай атамыздың өнерін дәріптеу жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азаматтың міндеті деп білемін", - деп атап өтті Димаш.

Тағы оқыңыз: Димаш өзін айнытпай салған қызды іздеп жүр - видео

Ол өзінен кейінгі эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің әлемдегі барлық тыңдарманына жолдады.

Абай өлеңдері эстафетасы

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын қабылдаған еді. Мемлекет басшысы ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқыды.

Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Айта кетсек, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов эстафетаны қабылдап "Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап" өлеңін оқыды.

Жаңалықтар
0