Жұмысшының айтуынша, ханшайым үйді рұқсатсыз суретке түсірмек болдың деп айыптап, ұрып-соғып, алдында тізерлетіп, аяғынан сүюге мәжбүрлеген.
Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары – Рани Сайди бірнеше сағат бойы жұмысшыға жәбір көрсетіпті.
Айыптаушы жақ ханшайым қолындағы билігін асыра пайдаланып, озбырлық жасаған деп отыр.
Тағы оқыңыз: Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған
Прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұрайды.
Айыпталушының өзі сотқа келген жоқ, оны сырттай соттап жатыр.
Сот Францияда өтіп жатыр. Оқиға 2016 жылдың күзінде болған.
Хасса бинт Салман ханшайым – тақ мұрагері, Мохаммед бен Салман ханзаданың әпкесі.