Әлем

Мәскеу облысында ЖЭС жанып жатыр: зардап шеккендер бар

© SputnikПожар на территории Северной ТЭЦ в Мытищах
Пожар на территории Северной ТЭЦ в Мытищах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша өрт кезінде алты-сегіз адам жарақат алды 

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Мәскеу облысының Мытищи қаласындағы жылу электр станциясында (ЖЭС) ірі өрт болды.

ЖЭО-27 кәсіпорнындағы жоғары қысымды газ стансасы аумағындағы өрт 800 шаршы метрге шарпыды, деп хабарлайды РИА Новости Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Мытищи маңындағы Мәскеу айналма жолының 90-шы шақырымында 50 метрлік биіктіктегі шырақтың (факел) өртенгенін куәгер хабарлаған.

Түрлі деректер бойынша, алты-сегіз адам жарақат алды.

Қазіргі уақытта Мытищидегі Волков тасжолында қозғалыс шектелді.

ЖЭО-27 Мәскеу энергиясы жүйесіндегі ең жаңа электр станциясы саналады.

Жаңалықтар
0