НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. "Журналистерді қорғау комитеті" халықаралық үкіметтік емес ұйымы БАҚ бостандығы туралы конференцияға Лондонның Sputnik агенттігі мен RT ресейлік арнасын аккредитациядан өткізбеуіне алаңдаушылық білдірді.
Олар Ұлыбритания СІМ басшысы Джереми Хантаға хат жолдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұлыбритания СІМ аккредитациядан өткізбеу себебін Sputnik пен RT "жалған хабар таратады" деп түсіндірген, алайда бұл пайымдауын растайтын бірде-бір дәлел ұсынбады.
Тағы оқыңыз: Лондон Sputnik пен RT-ны аккредитациядан өткізбеді: Симоньян мән-жайды түсіндірді
Журналистердің қорғау комитетінің директоры Джоэль Саймонның пікірінше, екі ірі ақпараттық агенттікке конференциядан хабар таратуға мүмкіндік бермеу дұрыс емес.
"Керісінше, Ұлыбритания үкіметінің Sputnik пен RT-ға немесе басқа бір жаңалықтар басылымына насихаттаушы деп анықтама беріп, тосқауыл қоюы дәл осындай себеппен журналистерді қудалайтын автократиялық үкіметтерге үлгі көрсетіп отыр", - делінген хатта.
"Насихаттың бір түрі деген себеппен Sputnik пен RT-ны аккредитациядан өткізбеу арқылы сіздің үкіметіңіз конференция дәріптейтін сөз бостандығы қағидаларына нұқсан келтіреді. Шешіміңізді қайта қарауды сұраймыз", - деп ұйымның атқарушы директоры сөзін түйіндеді.