Қоғам

Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевБілім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кінәлі деп танылды
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кінәлі деп танылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым вице-министріне мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Елорданың Есіл ауданының №2 соты білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, тергеу кезінде Суханбердиева мен Шевернияева кінәні толығымен мойындап, өз еркімен процессуалды келісімге келді. Прокурор вице-министрге 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (6 312 500 теңге), ал Елена Шеверняеваға 500 АЕК мөлшерінде (1 262 500 теңге) айыппұл салуды ұсынды. Бұдан бөлек, жекеменшік мектеп директорының кабинетінен тәркіленген 11 475 300 теңгені мемлекет меншігіне алып қоюды сұраған.

© Sputnik / Абзал КалиевСудья білім және ғылым вице-министріне қатысты сот үкімін оқып жатыр
Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты  - Sputnik Қазақстан
Судья білім және ғылым вице-министріне қатысты сот үкімін оқып жатыр

Бүгін судья Бақытжан Есенов соттың шешімін жариялады. Оған сәйкес, прокурордың барлық талабын қанағаттандырды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот вице-министрді "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айыруға ұсыныс енгізді.

Суханбердиева мен Шевернияева қылмысты қалай жасады?

Кеше аталған іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен болатын. Сол жерде мемлекеттік айыптаушы тергеу материалдарын жариялады.

Прокурор Нұрлан Бекмағамбетовтың айтуынша, вице-министр Эльмира Суханбердиева №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняевамен бірге заңға қайшы әрекет жасаған. Олар дәл сол мектептің ғимаратында "Центральная" атты жекеменшік экономикалық мектеп ашқан. Соның салдарынан мемлекеттік мектепте орын азайып, басқа балалар оқуға қабылданбады.

"2016 жылы шілде айында сол кездегі Астана қалалық білім басқармасының басшысы Сенғазиев Шевернияеваны шақырып, жекеменшік мектепті басқа жерге көшіріп, босаған орынды №3 мектеп гимназиясы үшін пайдалануды ұсынған. Шевернияева оны бірден Суханбердиеваға жеткізген", - деді Бекмағамбетов.

Содан Суханбердиева өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, Сенғазиевпен сөйлесіп, жекеменшік мектепке тиіспесін деген. Сенғазиев вице-министрден аяқ тартып, аталған мәселені ары қарай көтермеген.

Вице-министр мектепті басқаруға қалай араласты?

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылдың басында Суханбердиева сенімді адамдары арқылы жекеменшік мектептің жұмысына араласа бастайды. Ал Шевернияева вице-министрдің қолдау жасайтынын біле тұра, "Центральная" мектебінің ұйымдастыру формасын ауыстырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құруды ұсынады. Суханбердиева аталған ұсыныспен келіскен. Осылайша, екеуі ЖШС-ны бірге басқаруға, табысты бөлуге және инвестицияны бірлесіп салуға уағдаласқан. Суханбердиева мемлекеттік қызметін пайдаланып, жекеменшік мектепке қолдау жасауға келісімін де берген.

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиева сотта 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алды

"Суханбердиева мен Шеверниява ЖШС-ның құрылтайшысы ретінде өздерін емес, туған-туыстарын рәсімдеуге уағдаласқан. Сөйтіп, жекеменшік фирманың құрамына Суханбердиеваның туған апасы және Шевернияеваның анасы енді. Бұдан бөлек, екеуі жекеменшік мектептің жаңа ғимаратын алу үшін  ЖШС есепшотына 154 миллион 523 мың 400 теңге салған", - деп атап өтті прокурор.

"Жетім балалар планшет алса екен деп ойладым"

Бұдан бөлек, вице-министр Суханбердиева ұялы телефондар мен планшеттерді министрлікке қарасты мекемелерге алдыртқаны үшін айыпталып отыр.

© Sputnik / Абзал КалиевВице-министр Эльмира Суханбердиева айыпты деп танылды
Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты  - Sputnik Қазақстан
Вице-министр Эльмира Суханбердиева айыпты деп танылды

Прокурордың сөзіне қарағанда, биыл 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні аясында президенттің көпбалалы отбасыдан шыққан балалармен кездесуі болған. Оған дейін білім министрі ерлік жасаған екі оқушымен жүздескен. Суханбердиева осы оқушыларға айфон, ал Қазақстан президентімен кездескен 41 балаға планшет беруді ұсынды. Сөйтіп, аталған техникалық құралдардың бәрін министрлікпен жұмыс істейтін мекемелерге алдыртқан. Мәселен, планшеттерді баспа орталықтары сатып алады. Сотта вице-министр Суханбердиева да осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.

"Мен 41 көпбалалы отбасыдан шыққан және жетім бала планшет алса екен деп ойладым. Сол себепті осындай әрекетке бардым. Мен келісемін. Маған ешкім қысым жасаған жоқ. Процессуалды келісімге өз еркіммен келістім. Жазамен де келісемін", - деді вице-министр.

Ал айфон алған оқушылардың біреуі балаларды өртке оранған үйден, ал екіншісі кішкентай баланы құдықтан алып шыққан. Сөйтіп, адам өмірін сақтап қалды. Вице-министр Суханбердиеваның өзі бір съезде ол балалардың нені қалайтынын сұраған. Сол кезде олар айфон алып беруді өтінген.

Жаңалықтар
0