Қоғам

Суханбердиева соттан кейін немен айналысатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевБілім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кінәлі деп танылды
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кінәлі деп танылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым вице-министрі 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Эльмира Суханбердиева соттан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Суханбердиеваны сот залында босатқаннан кейін журналистер "Сіз енді жұмыссыз қалай жүресіз? Немен айналысасыз?" деген сұрақ қойды. Вице-министр бірнеше жол бар екенін жеткізді.

"Меніңше, кәсіпкерлік қызмет бар. Бұдан бөлек, оқытушы болып, жұмыс істеуге болады. Ол – бір. Екіншіден, Жоғарғы сот бар. Мен соттың шешіміне шағым түсіретін боламын", - деді ол.

Сот шешімі

Бүгін елорданың Есіл аудандық №2 соты вице-министр Эльмира Суханбердиеваның ісі бойынша шешім шығарды. Бұған дейін прокурор вице-министрге 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (6 312 500 теңге), ал елордадағы №3 мектеп-гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваға 500 АЕК (1 262 500 теңге) айыппұл салуды ұсынған болатын.

Тағы оқыңыз: "Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды

Судья Бақытжан Есенов вице-министрдің өз кінәсін мойындап, процессуалды келісімге келгенін, сондай-ақ, абақтыда отырғанын ескеріп, айыппұл мөлшерін 5 948 900 теңгеге дейін түсірді. Ал оның сыбайласы Елена Шеверняева 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Жаңалықтар
0