10 шілдеде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
10 шілдеде қандай айтулы оқиға болды
Бүгін Ресейде ұлы мейрам - Ресейдің әскери даңқы күні - Полтава шайқасы (1709 жыл) аталып өтеді. Полтава шайқасы - Петр І қолбасшылық еткен орыс әскері мен Карл ХІІ басқарған швед сарбаздары арасындағы Солтүстік соғыстың ең ірі шайқасы. Шайқас 1709 жылдың 27 маусымында (8 шілде) таңертең Полтава қаласына жақын маңда болды. Швед әскерінің ойсырай ұтылуы нәтижесінде Солтүстік соғыс Ресейдің пайдасына шешіліп, Швецияның Еуропадағы үстемдігі жойылды.
Жапонияда бүгін Натто күні тойланады. Мереке 1981 жылы Кансайда натто тұтынушыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Кейін 1992 жылы бұл күн ұлттық мейрамға айналды. Натто - ашытылған майбұршақтан әзірленетін дәстүрлі жапон тағамы. Оны көбінесе таңғы асқа жейді. Өзіндік иісі мен дәмі бар, жабысқақ әрі қоймалжың тамақ.
Сонымен бірге бүгін - Футбол ысқыруығының туған күні. Футбол алаңында төрешілер 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің өз шешімімен ойынға араласуына рұқсат жоқ болатын. Төрешінің басты міндеті уақытты бақылау, матч туралы жазып отыру, ойыншыларды тағайындау және командалар өзара дауласса, төрелік айту еді. 1878 жылға дейін төрешіде арнайы ысқыруық болмады, олар ойынды дауысымен басқаратын немесе белгі беретін, сондай-ақ назар аудару немесе шешім қабылдау үшін қоңырау соғатын. Ысқыруықтың пайда болу тарихы ерекше. Ол кезде ойынға төрелік ету құқығы кәсіби мамандарға емес, футболды жақсы көретін әуесқойларға берілетін. 1878 жылы 10 шілдеде Лондондағы матчта полицей төреші болады, ойын кезінде жанжал шығып, полиция қызметкері еш ойланбастан ысқыруығымен ысқырыпты. Шошып кеткен ойыншылар сол сәтте төбелесті тоқтата қойған. Содан бері футболда төрешілер ысқыруық пайдаланады.
10 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
1962 жылы "Телстар" атты алғашқы коммерциялық байланыс спутингі ұшырылды;
1964 жылы The Beatles тобының А Hard Day’s Night альбомы жарық көріп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді;
1981 жылы АҚШ-тың әскери-теңіз флоты офицерлерге сақал жіберуге тыйым салды;
1985 жылы Учкудук түбінде Ту-154 апатқа ұшырап, 200 адам қаза тапты. Бұл - кеңес авиациясы тарихындағы ең ірі әуе апаты.
10 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1919 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің "Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы" қаулысы қабылданды;
1965 жылы Маңғышлақ мұнайының бірінші эшелоны мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді;
1998 жылы Қазақстанның "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" заңы қабылданды;
2002 жылы Қазақстанның "Шылым шегудің алдын алу және оны шектеу" туралы заңы қабылданды.
10 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
1938 жылы КСРО Орталық телевидениесінің дикторы, КСРО Орталық телевидениесі бас ақпарат редакциясының редакторы, педагог Вера Шебеко дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1985);
1951 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші Александр Кавалеров дүниеге келді;
1957 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Юрий Стоянов дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2001);
1982 жылы ресейлік шоумен, КВН ойыншысы, КВН Жоғары лигасының редакторы (2012-2016), тележүргізуші, актер Дмитрий Колчин дүниеге келді.
10 шілдеде Қазақстанда кім туды
1896 жылы Алаш қайраткері, ғалым, дәрігер және педагог Әлжан Байғурин дүниеге келді;
1958 жылы жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар дүниеге келді;
1969 жылы мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жайылғанова дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Таразы белгісінде орналасады. Бүгін жеткен жетістігіңізге шектен тыс масаттанып, өркөкіректік танытуыңыз мүмкін. Көзсіз тәуекелге бел буудың қажеті жоқ - шытырман хикаядан аулақ болыңыз. Демалып, медитация жасап, рахаттанып, күнделікті тіршіліктің күйбеңінен арылуға тырысқан жөн.