Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев8 шілде - күнтізбе
8 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 189-ші күн, жыл соңына дейін 176 күн бар

8 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Ресейде бүгін Бүкілресейлік отбасы, махаббат және адалдық күні аталып өтеді. Бұл күн Ресейдің еске алу даталары реестріне қасиетті Петр мен Февронияны еске алу ретінде енгізілген. Орыс православие шіркеуі бұл екі қасиетті адамды отбасы және отбасылық қарым-қатынастардың көктегі жебеушісі деп санайды. Ресей тарихындағы осы екі кейіпкердің некесі христиандардың бір-біріне деген құрметінің эталонына айналған. Отбасы, махаббат және адалдық күні Ресейде 2008 жылдан мерекелене бастады. Мұндай шешімді Мемлекеттік дума қабылдады және бастаманы әр түрлі наным өкілдері қолдады. Бұл мерекеде жастар да, отбасылық өмірге қадам басқалы тұрған жұптар да бірін-бірі құттықтайды. Аға буын жастарға өмірдегі ең басты құндылық – отбасыны сақтап қалу өнерін үйретеді.    

Сондай-ақ жыл сайын 8 шілдеде Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні аталып өтеді. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік аллергия ұйымы мен Дүниежүзілік иммунопатология ұйымының шешімімен 2005 жылы құрылды. Мерекенің мақсаты – жұртшылыққа ауру белгілерін хабардар ету, тұрақты түрде тексерістен өтуді насихаттау.

Бүгін АҚШ-та Ұлттық бадам қосылған шоколад күні мерекеленеді (National Chocolate With Almonds Day). Айта кетейік, шоколадқа қосылған бадам секілді тәттілер сонау XVIII ғасырдан белгілі. 1742 жылы Уильям Паркс Элиз Смиттің The Compleat Housewife, or Accomplish'd Gentlewoman's Companion деп аталатын аспаздық кітабын жариялады. Сол кездегі байлар шоколадты жиі тұтынғанына қарамастан, бұл кітапта шоколад пайдаланылған жалғыз рецепт болды, ол – шоколадқа қосылған бадам.

Қазір бадам шоколад қосылған түрлі кондитерлік өнімдерді –айталық, шоколад плиткасы, бадам қосылған батончик, түрлі кәмпиттер, печенье, бәліштер мен торттарды дайындауда қолданылады.  

8 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар  

1796 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті АҚШ азаматының алғашқы паспортын берді;

1777 жылы Вермонт құлдықты жойған алғашқы штат болды;

1889 жылы The Wall Street Journal газетінің алғашқы саны шықты;

1901 жылы Францияның қалаларында автокөлік қозғалысы жылдамдығы шектелді – 10 км /сағ.

8 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы қазақстандық кинематография тарихында алғаш рет "Территория жизни" сериалының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. Сериалды "Мастерс медиа" тәуелсіз телевизиялық продюсерлік орталығы экшн жанрында түсірді, сериал 30 минуттық 8 бөлімнен тұрды;

2005 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Қазақстан сыртқы істер министрлігінде "ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Назарбаев туралы" кітабының тұаукесері өтті;

2014 жылы "Астана Моторс" компаниясы "Hyundai" маркалы жеңіл автокөліктерді Қазақстанда жинауды бастады.

8 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар  

1938 жылы кеңес, Ресей театр және кино актері Андрей Мягков дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1986). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977). Жазушы. "Советский экран" журналының сауалнамасы бойынша 1976 жылғы  ("Ирония судьбы, или с легким паром!" фильмі үшін) және 1978 жылғы ("Служебный роман" фильмі үшін) үздік актер атанған;

1951 жылы америкалық кинорежиссер Анджелика Хьюстон дүниеге келді ("Семейка Аддамс", "Честь семьи Прицци" фильмдері). Мэйроуз Прицци рөлі үшін "Оскар" жүлдесін алды;

1963 жылы Ресей театр және кино актері, әнші, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (1995), Ресей Федерациясының халық әртісі (2001), Ресей Федерациясы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996) Дмитрий Певцов дүниеге келді. Дмитрий Певцов кино мен телевидениеде ондаған рөл сомдады. Ол әртүрлі жанрлардағы фильмдер мен телехикаяларға түсті: "Мафия бессмертна", "Королева Марго", "Графиня де Монсоро", "Тонкая штучка", "Бандитский Петербург", "Львиная доля" және тағы басқа;

1974 жылы Ресей эстрада әншісі, тележүргізуші, киноактриса Жанна Фриске дүниеге келді. "Блестящие" тобының бұрынғы солисі (1996-2003). 2003 жылы жеке карьерасын бастады.

8 шілдеде Қазақстанда кім туды   

1899 жылы қазақстандық патологоанатом, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Петр Очкур дүниеге келді;

1939 жылы актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ошат Рахымов дүниеге келді;

1948 жылы "Қайнар" университетінің ректоры, профессор, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі Еренғайып Омаров дүниеге келді.

1950 жылы мемлекет қайраткері Икрам Адырбеков дүниеге келді. Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан парламенті сенатының депутаты болған;

1958 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бұл күн кездесулер мен  таныстық үшін қолайлы болмақ, айналаңызға мейірім төксеңіз, сізді тек жақсылық тілейтін адал достар қоршай бастағанын өзіңіз де байқамай қаласыз. Бұрынғы сүйіктіңізбен кездесуіңіз әбден мүмкін, бұл көптеген тәтті естелікті еске түсіреді.

Жаңалықтар
0