Мәдениет

Тоқаев мектепте жаңа сабақ енгізуге қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев журналистермен кездесті, Ақордада өткен баспасөз мәслихаты
Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен кездесті, Ақордада өткен баспасөз мәслихаты
 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы "Қазақ елі" алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне арналған концертті тамашалады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабағын енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы мемлекет басшысы твиттердегі аккаунтында жазды.

Президент елордадағы "Қазақ елі" алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне мерекелік шараны тамашалаған.

"Бұл мейрам – барша халқымыздың ұлт руханиятына деген зор құрметі. Күллі әлем мойындаған мәдени құндылығымыз – домбыра күні құтты болсын!", - деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ, ол мектептерде домбыра үйрену сабағын енгізуге қатысты пікір білдірді.

"Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет. Ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтіп жатыр. Бұл дата былтыр Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын. Мейрам шілденің бірінші жексенбісінде тойланады.

Жаңалықтар
0