Өңірлер

Павлодар облысында үш ауылдың атауы қазақшаланады

© Sputnik / Александр КряжевАуыл, үй
Ауыл, үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы үш ауыл мен бір ауданның атауы өзгереді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Павлодар облысындағы ауылдардың атауы өзгереді. Облыс әкімі Болат Бақауовтың тиісті қаулысы электронды үкімет сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округке қарасты Путь Ильича ауылының атауы Еңбек болып өзгертіледі. Ал Саты ауылдық округінің Қызыл-Октябрь кенті Абай ауылы деп аталатын болады.

Павлодар ауданының Красноармейка ауылы Кемеңгер атауын алса, тиісінше Красноармейский ауылдық округі де Кемеңгер болып қазақшаланады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгерді

Хабарланғандай, елді мекендердің жаңа атаулары жергілікті тұрғындармен келісілген.

Жаңалықтар
0