7 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
7 шілдеде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Ресей әскери даңқы күні немесе Чесмен шайқасында орыс флотының түрік флотын жеңген күні (1770 жылы) аталып өтеді. 2012 жылдың 10 шілдесі Ресей флоты үшін тарихи күнге айналды, дәл осы күні "Ресейдің әскери даңқ күндері мен есте қалдыру даталары туралы" Федералдық заң жарық көрді, оған бұл күнді атап өту жөнінде өзгерістер енгізілді. Чесмен шайқасы Түркияның батыс жағалауындағы 1770 жылғы 5-7 шілдедегі шайқастың құрметіне есте қалдыру даталарының тізіміне мәңгілікке енгізілді.
Танзанияда бүгін Ауыл шаруашылығы күні аталып өтеді. Саба Саба күні. Мереке Дар-эс-Салам қаласында жыл сайынғы Халықаралық сауда жәрмеңкесін өткізу құрметіне арналған. Мерекенің атауы – Saba Saba суахили тілінде "жеті жеті" дегенді білдіреді, ол жәрмеңкені өткізу күнін меңзейді. Танзанияда Дар-эс-Салам халықаралық сауда жәрмеңкесі жыл сайын 25-ке тарта елдің өкілдерін жинайды. Осы жәрмеңке аясында орташа 2000-ға жуық түрлі көрме өтеді. Әдетте көрмелер ауыл шаруашылығы мәселесіне арналады. Халықаралық сауда жәрмеңкесі Танзания үкіметі, Танзания өнеркәсіп және сауда министрлігі, Танзания сауда палатасы және Танзания өнеркәсіп салалары конфедерациясының қолдауымен өтеді.
Жапонияда Танабата күні немесе Жұлдыздар фестивалі – жапонның Махаббат мерекесі аталып өтіледі. Бұл мейрамды Ғашықтар күнінің жапониялық аналогы деп атауға болады, ол үнемі бір-бірінен шалғайда жүріп, жылына бір рет кездесуге мәжбүр болған екі жұлдыздың ғажайып махаббат туралы аңызға сәйкес аталып өтеді. Жапониядағы Танабата мерекесі қытай жерінде пайда болған, ол қазіргі уақытта Жұлдыздар фестивалі деп аталады. Бұған дейін ол жетінші айдың жетінші күнінде ай-күн күнтізбесі бойынша аталып өткен, ал қазір бұл күннің Григориан күнтізбесі бойынша бекітілген датасы бар – 7 шілде (07.07). Оны әр облыста әртүрлі атап өтеді, бірақ отшашулар, парадтар мен көшелерді мерекелік безендіру – ортақ дәстүр.
7 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
1607 жылы Англияның "God Save the King" әнұраны алғаш рет орындалды;
1668 жылы Исаак Ньютон ғылым магистрі дәрежесін алды;
1987 жылы Чернобыль АЭС-і жарылғаннан кейін айып тағылған үш басшыға қатысты сот басталды;
1990 жылы Римде қазіргі заманның үш атақты теноры – Лучано Паваротти, Пласидо Доминго және Хосе Каррерас бірге өнер көрсетті.
7 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1970 жылы Алматы облысы Іле ауданының Новоилийск ауылына Қапшағай қаласы атауы беріліп, облыс қарамағындағы қалалар тізіміне енді;
1977 жылы Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты құрылды. Бұл кардиологиялық қызметті әдістемелік басқаратын жетекші мамандандырылған мекеме;
1999 жылы Ақтөбеде ақын Нұрпейіс Байғанинге ескерткіш орнатылды;
2000 жылы Астанада жаңа орталық алаң ашылды;
2010 жылы Петропавл қаласында айналасына әлем әдебиеті классиктерінің, ақындары мен жазушыларының 34 мүсіні орнатылған Достық фонтаны ашылды. Композицияның авторы –атақты сәулетші Қазбек Сатыбалдин.
7 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
1901 жылы италиялық актер және кинорежиссер, төрт "Оскардың" иегері Витторио Де Сика дүниеге келді ("Шуша" және "Велосипед ұрылары" фильмдері);
1922 жылы Юрий Гагаринмен бірге қаза болған ұшқыш-сынақшы Владимир Серегин дүниеге келді;
1940 жылы британ музыканты, The Beatles тобының барабаншысы Ринго Старр дүниеге келді;
1962 жылы ресейлік әнші, "Браво" тобының бұрынғы вокалшысы Жанна Агузарова дүниеге келді.
7 шілдеде Қазақстанда кім туды
1941 жылы ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ырысалды Төкеева дүниеге келді;
1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев дүниеге келді;
1957 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бас инспекциясының бастығы Құрбан Қаражанов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін жұмысты аз істеп, көп сөйлейсіз, бұл қиындық тудыруы мүмкін. Көп шаруа пен машақаттың арасынан ең маңыздысын бөліп алып, оған бар назарыңызды аударып, шеберлік пен шыдамдылық танытыңыз, әйтпесе құрдымға кетуіңіз мүмкін.