НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
Путин Елбасыны туған күнімен және астана күнімен шын жүректен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және толағай табыс тіледі.
"Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дәйекті түрде дамытуға ниеттестік білдірді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған еді.
Сондай-ақ, Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.