Елорда тынысы

Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды

© Sputnik / Абзал КалиевГосударственный флаг Республики Казахстан
Государственный флаг Республики Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

"Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Президенттің айтуынша, бұл аға ұрпақтың жастарға зор үміт артатынын көрсетеді. Осы орайда Тоқаев Елбасының бас қаланы салудағы еңбегін атап өтті.

© Sputnik / Абзал КалиевҚасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ту көтеру рәсімінде
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ту көтеру рәсімінде

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы - елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Бас қаламыз - "бір ел, бір халық" болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. ЮНЕСКО ұйымы елордамызды "бейбітшілік қаласы" деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл - ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымақ бірлігінің арқасы. Біз қаланың беделін одан әрі арттыра береміз", - деді Тоқаев.

© Sputnik / Абзал КалиевМемлекеттік туды көтеру Елорда күнін тойлаудың басталғанын білдіреді
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды - Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік туды көтеру Елорда күнін тойлаудың басталғанын білдіреді

Тағы оқыңыз: Елорда күні туралы не білеміз?

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтарды тапсырды.

"Бүгін - сіздер үшін өте маңызды, ешқашан ұмтылмайтын күн. Барлығыңызға офицер шені беріледі. Әскери оқу орындарында алған білімдеріңізді отанымыздың тәуелсіздігін сақтауға жұмсайтын кез келді. Нағыз сардар елдің мықты қорғаны болуы тиіс", - деді ол.

Үш күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы
Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда күніне арналған салтанатты ту көтеру рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан
1/3
Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда күніне арналған салтанатты ту көтеру рәсіміне қатысты
© Sputnik / Абзал КалиевЖители Казахстана, архивное фото
Салтанатты рәсімге жиналған халық - Sputnik Қазақстан
2/3
Салтанатты рәсімге жиналған халық
© Sputnik / Абзал КалиевВоенные курсанты на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы
Военные курсанты на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы  - Sputnik Қазақстан
3/3
Военные курсанты на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы
1/3
Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда күніне арналған салтанатты ту көтеру рәсіміне қатысты
2/3
Салтанатты рәсімге жиналған халық
3/3
Военные курсанты на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген 27 курсантқа әскери шендер мен атақтар тапсырды.

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент жас курсанттардың ортасында
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды - Sputnik Қазақстан
Президент жас курсанттардың ортасында

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Жаңалықтар
0