Саясат

Бақытжан Сағынтаев тағы бір жауапты қызмет атқаратын болды

© Sputnik / Владислав ВодневБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаев тағы бір жаңа лауазымға сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партияcы активінің бірауыздан қолдауымен қалалық партия филиалының төрағасы болып сайланды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

© Photo : Nur Otan партиясының баспасөз қызметіБауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев тағы бір жауапты қызмет атқаратын болды - Sputnik Қазақстан
Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

"Біздің басты міндет – халықтың сенімін күшейту. Өйткені біз халықтың партиясымыз. Сондықтан біз саннан сапаға басымдық беріп, партия қатарында белсенді түрде "тазалау" жұмыстарын жүргіземіз", – деді Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары партияның Алматы қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясында.

Жиын барысында таяуда ғана Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Бақытжан Сағынтаев партия активінің бірауыздан қолдауымен қалалық партия филиалының төрағасы болып сайланды.

Жаңалықтар
0