Саясат

Ресейдің премьер-министрі Назарбаевты құттықтады

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПредседатель правительства РФ Дмитрий Медведев и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Председатель правительства РФ Дмитрий Медведев и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президентіне мемлекет басшылары мен үкімет басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Ресей Федерациясының үкімет басшысы Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттің құрылуына қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік және одақтық қатынастарға қосқан елеулі үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын нығайтуға әлі де көңіл бөліп жүргеніңіз, алдағы уақытта Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы ретінде еуразиялық интеграцияны әрі қарай дамытуыңыздың маңызы зор", - делінген Медведевтің жеделхатында.

Сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков және Тәжікстан көшбасшысы Эмомали Рахмон тұңғыш президентке құттықтау хаттарын жолдады.

Си Цзиньпин жазғандай, Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған 27 жыл ішінде екі елдің ынтымақтастығы айтарлықтай артты.

Тағы оқыңыз: Қытай төрағасы Назарбаевқа хат жолдады

Ал Сооронбай Жээнбековтың айтуынша, Назарбаевтың арқасында Қазақстанның елордасы Орта Азиядағы ең көрікті қалаға айналып, халықаралық қаржы алаңқайы болды.

Эмомали Рахмон тұңғыш президентті құттықтай отырып, Тәжікстан мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігі жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0