НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен доминикан Хулио де Хесус арасындағы Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегі алғашқы минутта-ақ аяқталды.
Ислам алғашқы секундтардан шабуылға шығып, бір-екі қуатты соққысымен қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді, деп хабарлады Sports.kz. Осылайша жекпе-жек бар-жоғы 10 секундқа созылды..
Kanat Islam (26-0, 21 KO’s) returns to the ring after a 2yr lay-off and destroys Julio De Jesus (27-2) in under 10 seconds in Kazakhstan. #KanatIslam #IslamJesus #IslamDeJesus pic.twitter.com/xQWPBgruFX
— Tim - Boxeo Boksing Boks 拳闘 Boxen มวย бокс 拳击 (@Hock1717) 5 июля 2019 г.
Бұл жеңіс Қанатқа бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионының бос тұрған титулын әкелді.
Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көруге болады.
Қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 26 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Хулио де Хесус екінші рет жеңіліске ұшырады.