НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Тараз қаласында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 шілде күні сағат 20:00-де Тәуке хан көшесінде болған.
Өңірдің полиция департаменті хабарлағандай, "Тараз" аркасы маңында Toyotа Camry артпен жүріп, "ВАЗ 2114" автомобилін соққан.
Тағы оқыңыз: Жігіт келіншегін перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алды - видео
Полиция Toyotа Camry жүргізушісіне қатысты Қазақстанның әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы (Жүргiзушiнің жол жүру ережесін бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтiруі, көлiк немесе өзге де мүлiктi бүлдіруі), 590 баптың 2-бөлімі (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ, пайдалануға тыйым салынғаннан немесе заңға сәйкес тiркелмеген көлiкті жүргізу) және 593 баптың 1-бөлімі (Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Ал "ВАЗ 2114" жүргізушісінің үстінен 593-бап 1-бөлімі бойынша (Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды.
Екі автокөлік те айыппұл тұрағына қойылыпты.