Қоғам

Бас банкир жарты миллион қазақстандықтың қарызы қалай өтелетінін түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, архивтегі сурет
Теңге, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Президенттің тапсырмасы бойынша кепілсіз кредит алған 5 миллионға жуық адамның айыппұлдары мен өсімпұлдары өтеледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев тұрмысы төмен отбасылардың қарызын мемлекет есебінен өтеу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, президенттің тапсырмасы бойынша кепілсіз кредит алған 5 миллионға жуық адамның айыппұлдары мен өсімпұлдары өтеледі. Ал тұрмысы төмен азаматтар үшін осындай жеңілдікпен бірге 300 мың теңгеге дейінгі қарыз сомасы кешіріледі. Бірақ кредиттің сомасы 3 миллион теңгеден аспауы қажет. Тұрмысы төмен азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, жетім балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады. Олардың 443 мыңы кепілсіз кредит алған.

"Біз 443 мың адам бойынша жұмысты аяқтап жатырмыз. 9 шілде күнін тиісті файлдарды жүктейміз. Ал 15 шілдеге дейін бәрін тексеріп шығамыз. Осылайша, банктер мен микроқаржыландыру ұйымдары бойынша барлық тізім 15 шілдеге дейін дайын болады", - деді Досаев сенаттың жалпы отырысында.

Бас банкирдің айтуынша, кредит алған адамдарды банкке қайтадан ешкім шақырмайды. Қарыз келісімдерін қайта рәсімдеудің қажеті жоқ.

"Біз адамдарды қағазға қайта қол қоюға шақырмаймыз. Тізімдерді тексеретін арнайы қызмет болады. Осыдан кейін проблемалық кредиттер қоры екінші деңгейлі банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарымен келісімшартқа отырады. Сөйтіп, тізім бойынша ақшаны аударып береміз. Ал мемлекеттік кредит бюросы 300 мың теңгесі өтелген әрбір адаммен хабарласу жағын қадағалайтын болады", - деді Досаев.

Тағы оқыңыз: Досаев банктің "қара тізіміне" енгендер неден құр қалатынын айтты

Айта кетейік, кеше парламент мәжілісі тиісті заң жобасын мақұлдады. Бүгін сенат та аталған құжатты қабылдады.

Жаңалықтар
0