Саясат

"Жазаны қатаңдату керек": Тоқаев пен Назарбаева не туралы сөйлесті?

© Photo : Ақорда баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сенат төрағасы Дариға Назарбаева
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен сенат төрағасы Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Дариға Назарбаева мемлекет басшысына сенаттың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, оның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлар туралы айтып берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі тарату, әсіресе интернет арқылы тарату үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты.

Сонымен қатар президент қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өткен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Жаңалықтар
0