Аңдатпа

Қазақстанда 2 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALL JOHN MACDOUGALL / AFPВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2 шілдеде болатын негізі іс-шаралар тізімін ұсынады. Сонымен қатар 3-4 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болатынын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

08.30 – ауыл оқушыларының I республикалық IQanat слеті ашылады. Оған 700-ден астам оқушы қатысады. IQanat олимпиадасы математика, физика, ағылшын тілі және эссе жазудан өтеді. Іс-шара өтетін орын: Назарбаев Университет, Кабанбай батыр даңғылы, 53, Блок С-2. Аккредитация +7 701 577 3537.

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде – мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау. Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 нөмірі немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады.

09.00 – Astana Finance Days конференциясы аясында EdTech-2019 білім беру технологияларының I қазақстандық форумы басталады. Бұл шараға Coursera, EdCrunch, Google, Microsoft, Accenture сынды компаниялар, сондай-ақ ACCA, GARP және тағы басқа халыақаралық ұйымдар қатысады. Форумда төртінші өнеркәсіптік төңкеріс кезінде адам капиталын дамыту, білім беру саласын цифрландыру және педагогикалық реформаларды іске асыру мәселелері талқыланады. Іс-шара өтетін орын: Астана халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел көшесі, 55/23, C 4.4 павильоны. Байланыс телефоны: +7 702 655 32 08.

10.30 - Seedstars World Tour аясында стартап жобалардың ұлттық байқауы ашылады. Өтетін орын: Seedspace Nur-Sultan инновациялық орталығы, Сауран көшесі, 46. Аккредитация +7 7172 57 89 91, +7 776 134 11 84 нөмірлері немесе press.ain@mail.ru элекронды поштасы арқылы жасалады.

12.00 – темір жол желілері диагностикасының сапасын көтеруге арналған көшпелі брифинг өтеді. Оған "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының басшылығы қатысады. Өтетін жер: 40-шы станция, Жамбыл Жабаев көшесі, 52. Жиналатын орын: "ҚТЖ" ҰК" АҚ орталық кіреберісі. Аккредитация +7 (7172) 60 50 30, +7 777 001 4184, +7 701 888 5938 нөмірлері арқылы жасалады.

16.00 –"Крок да Перамогi" көрмесі ашылады. Бұл шара Беларусь елін неміс-фашистік басқыншылықтан босатудың 75 жылдығына арналған. Көрмеге петербургтік фотограф Сергей Ларенковтың жұмысы қойылады. Шаран өтетін жер: Тұңғыш президент музейі, Бейбітшілік көшесі, 11.

17.00 – "Махаббат туралы аңыз" балетінің тұсаукесері жайында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер - "Астана Балет" театрының директоры Александр Совостьянов, директордың орынбасары Валерий Кузембаев, бас балетмейстер Мукарам Авахри және қоюшы хореографтың көмекшісі, РФ-ның еңбек сіңірген әртісі Руслан Пронин.

18.00 - XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аясында "Инсаф" атты толықметражды көркем фильмнің көрсетілімі болады. Бұл фильм Рабита Батуллының "Мама, кешір мені" пьесасы бойынша түсірілген. Режиссері - Фарид Давлетшин. Сондай-ақ осы кеште "Остазбикэ" қысқаметражды фильмі көрсетіледі. Туынды Гаяз Исхаки шығармалары бойынша түсірілген болатын. Режиссері - Ренат Каримов-Сайга. Татар киносының күндері аясында 5 шілде күні режиссер Юлия Захарованың "Халима" көркем фильмі, сондай-ақ режиссерлер Амира Галиаскарова мен Насура Юрушбаеваның "Отчий дом" қысқаметражды фильмі де көрсетіледі. Шара өтетін жер - "Чаплин" кинотеатры, "Хан Шатыр" сауда орталығы, Тұран даңғылы, 37.

АЛМАТЫ

11.00 – ExpertUpdate кездесуі: "Қазақстандағы туризм саласында не болып жатыр?". Спикерлер - Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, ішкі туризм бойынша сарапшы Олжас Шынтаев, Қазақстанның туристік қауымдастығының бас директоры Рашида Шәйкенова, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka қонақүйі басшысының орынбасары Дана Балфанбаева, KazUnion бас директоры Лаура Галиева. Шара өтетін жер - Aurora Space, Жамбыл көшесі, 55/57.

3 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09:30 – Түркі кеңесіне мүше елдердің экономика министрлерінің 9-шы отырысы өтеді. Шараға Әзербайжан экономика министрінің орынбасары Сахиб Мамедов, Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Эльдар Абакиров, Түркияның сауда министрінің орынбасары Риза Туна Турагай қатысады. Сондай-ақ Венгрия атынан отырысқа Венгрияның Қазақстандағы елшілігі істеріндегі уақытша сенім артылған өкілі Дороги Шандор қатысады. Сонымен бірге шараға жоғары шенді шенеуніктер мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер елшіліктерінің өкілдері келеді. Отырыс өтетін жер - Мәңгілік Ел көшесі, 55/18, АХҚО, блок С3.3 және С4.

09:00 – Халықаралық қар барысын қорғау конференциясы өтеді. Шараны қар барысын қорғауға бағытталған Snow Leopard Foundation атты халықаралық қор ұйымдастырады. Конференцияға БҰҰ даму бағдарламасы (UNDP), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), Snow Leopard Trust қоры, Қар барысы мен экожүйені сақтау жаһандық бағдарламалар хатшылығы (GSLEP) сарапшылары, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен жеке қор өкілдері қатысады. Конференция өтетін орын - Ritz-Carlton қонақ үйі. Аккредитация + 7 777 020 12 60, + 7 705 217 1277 нөмірлері және n.kryuchkova@infores.kz электронды поштасы арқылы жасалады.

10:00 – Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR 19 атты қалдықтар мен жаңғыртылатын энергия көздерін басқару бойынша IV Еуразиялық бизнес форумы өтеді. Шараға ТМД мен ЕАЭО сарапшылары, Қазақстанның осы саладағы қауымдастықтар өкілдері, қоқыстарды өңдеумен айналысатын компания өкілдері қатысады. Форум өтетін орын - Rixos President Astana қонақүйі, Zheruk Hall және Shanyrak залдары.

11:30 – қалдықтар мен жаңғыртылатын энергия көздерін басқару тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Сондай-ақ Қазақстанда "Скажи "ДА!" атты пластик өңдеу жобасы іске қосылады. Шара өтетін орын - Rixos President Astana қонақүйі, Nur-Sultan залы. Аккредитация +7 727 255 85 75; +7 771 775 53 72 нөмірлері мен infogewr@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады.

19:00 – "Махаббат туралы аңыз" балетының тұсаукесері өтеді. Балет хореографы - Юрий Григорович. Өтетін орын - Ұлы Дала, 9 көшесі, "Астана Балет" театры. Театр баспасөз қызметінің нөмірлері: +7 7172 62 12 83, +7 778 364 32 94.

19:00 – Мәскеудің "Современник" теарты "Горе от ума" спектаклін қояды. Ол 3,4 шілде күндері өтеді. Сонымен қатар 6-7 шілде күндері "Вишневый сад" спектаклі болады. Өтетін орын - Тәуелсіздік көшесі, 57, Бейбітшілік және келісім сарайы.

4 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14:00 – Қазақстан президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы өтеді. Отырыстың тақырыбы: "Адам капиталын дамыту". Отырыс өтетін жер -  Тәуелсіздік көшесі, 57, Бейбітшілік және келісім сарайы.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – Қазақстан энергетика министрлігінің ресми қолдауымен Қазақстан Күн энергетикасы қауымдастығының Solar Power Association of Qazaqstan (SPAQ) атты жаңғыртылатын энергетика саласы қызметкерлерінің І халықаралық бизнес фестивалі болады. Ол Бурабай курорты аумағында өтеді. Байланыс телефоны: +7 777 214 0171. Аккредитация +7 (7172) 72 06 33, +7 705 330 28 86 нөмірлері және l.ashimzhanova@mfa.kz, krg1234567@mail.ru электронды пошталары арқылы жасалады.

Sputnik Қазақстан шаралардың күні мен уақытының өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0