Қоғам

Телефонды жастықтың астына қойып ұйықтау несімен қауіпті – дәрігерлер жауабы

© AFP 2023 / Kirill Kudryavtsev Телефон, архивтегі сурет
Телефон, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Көптеген адамдар түнде әлеуметтік желідегі жаңалықтарды оқып, телефонды қасына алып ұйықтауға дағдыланған

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Дәрігерлер ұялы телефонның жанында ұйықтау адамның денсаулығына кері әсерін тигізетінін айтады, деп хабарлайды "Риа ФАН".

Көптеген адамдар түнде әлеуметтік желідегі жаңалықтарды оқып, телефонды қасына алып ұйықтауды әдетке айналдырған.

Ал телефонның жұмыс істеп тұрған кезде қызатыны белгілі. Бұл жастықтың жануына әкеліп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Нанның ешкім күтпеген қаупі анықталды

Сондай-ақ, құрылғының дисплейі көк жарық таратады. Ол ұйқының сапасын нашарлата түседі. Қазіргі уақытта ұялы телефондардың рак тудыратыны туралы ақпарат нақты дәлелденген жоқ. Алайда ғалымдардың дені смартфоннан рентгендікіне ұқсас электрмагниттік сәуле таралатынын айтады.

Жаңалықтар
0