Саясат

Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясының басты міндетін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВывеска партии Nur Otan на здании, архивное фото
Вывеска партии Nur Otan  на здании, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстан президенті Бауыржан Байбекке бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Бауыржан Байбекке үкіметпен, мәжіліспен, мәслихаттармен өзара іс-қимылды күшейту, партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге керектігін атап өтті.

"Партияның міндеті – сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң бақылауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақтылы әрі тиімді жеткізу маңызды", – деді президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде және жас мамандардан президенттің кадрлық резервін жасақтауда партияның жұмысын жандандыру үшін бірқатар тапсырма берді.

© Photo : АқордаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек
Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясының басты міндетін айтты - Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек
Жаңалықтар
0