Оқиға

Теңіздегі оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуЖұмысшылар каскасы, архивтегі фото
Жұмысшылар каскасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Теңізшевройл" құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды

АЛМАТЫ, 1 шілде — Sputnik. 29 маусым күні Теңіз кенішіндегі тәртіпсіздіктер салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы  "Теңізшевройл" компаниясы хабарлады.

"Үшінші буын зауыты – болашақ кеңейту жобасы" құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі. Олар жақында қалпына келтіріледі.

"Теңізшевройлдың" өндірістік нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті ұйым.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен "Теңізшевройлдың" бас директоры Имер Боннер қақтығыс болған кәсіпорынға келді. Оқиғаның себебін тергеу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов бастаған ведомствоаралық комиссия құрылды.

"Қазіргі уақытта Теңіздегі жағдай тұрақтанды, – деп атап өтті компания. – Жұмысшылардың бірлігі мен өзара түсіністігі "Теңізшевройл" құндылықтарының бірі саналады. Кәсіпорын басшылығы компанияның барлық қызметкері мен мердігерлерді мәдени ерекшеліктерді құрметтеп, кемсітушіліктің кез келген көрінісін болдырмайды деп үміттенеді".

Теңіздегі тәртіпсіздіктерге не себеп болды?

Теңіз вахталық елді мекеніндегі тәртіпсіздіктер 29 маусымда басталды. Оқиғаға Ливия азаматы Эли Даудтың WhatsApp мессенджерінде жариялаған фотосуреті себеп болды. Ол фотода рация ұстап тұр. Ал рацияның антеннасы артындағы қазақ қызының ерніне тигенін көруге болады.

Бұл сурет Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S. A. L Offshore (CСЕР) компаниясы қызметкерлерінің намысына тиіп, араб қызметкерлерді ұрып-соққан.

Жаңалықтар
0