Әлем

Базардан келе жатқан: Қалыңдық той қарсаңында жол апатынан көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЖол белгісі, архивтегі фото
Жол белгісі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан сондай-ақ жеңіл көліктің жүргізуші көз жұмды, ал қалыңдықтың анасы ауыр жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. 27 маусым күні кешке Тәжікстанда тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген қалыңдық жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы "Ахбор" сайты хабарлады.

Трагедия ел астанасы Душанбеден 70 километр жерде орналасқан Нурек қаласында болды. "Мерседес" көлігі қалыңдық отырған "Опель-Астрамен",  содан кейін "Лассетимен" соқтығысқан.

Тағы оқыңыз: Тойда күйеу жігіт жоғалып кетті, не болғаны жарты сағаттан соң анықталды

Гулрухсор Назарзода көптен күткен тойына дайындық жасап жүрген. Сол күні базардан тойға қажетті заттарды, оның ішінде қалыңдық көйлегін сатып алып, үйіне қайтып келе жатқан.

Қыздың тойы 28 маусымға жоспарланған екен. Ал одан бұрын қалыңдық пен күйеу жігіт некеге отыруы тиіс болған.

Жол апатынан сондай-ақ "Опелдің" жүргізуші көз жұмды, ал қалыңдықтың анасы ауыр жарақат алып, комаға түсті.     

Жаңалықтар
0