Қоғам

Арыстағы жарылыс: Нұр-Сұлтанға жеткізілген бір баланың жағдайы ауыр

© AP Photo / John LocherНауқас бала, архивтегі сурет
Науқас бала, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен екі бала 28 маусым күні Шымкенттен астанаға жеткізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Арыстағы жарылыстан зардап шеккен бір баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері
Біржан Доссмайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, жарылыстан зардап шеккен балаларға тиісті медициналық көмек көрсетілген. Екеуі де бас сүйек-ми жарақатын алған.

"28 маусым күні санитарлық авиациямен Шымкент қаласынан екі бала Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Олар қаладағы №2 ауруханада ем қабылдап жатыр. Ауруханаға түскен бетте тиісті медициналық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Бір баланың жағдайы дұрысталғаннан кейін нейрохирургиялық бөлімге ауыстырылды", - деді ол журналистерге.

© Sputnik / Дәурен Ерболат№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Біржан Доссмайылов Арыстағы жарылыста зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты
Арыстағы жарылыс: Нұр-Сұлтанға жеткізілген бір баланың жағдайы ауыр - Sputnik Қазақстан
№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Біржан Доссмайылов Арыстағы жарылыста зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Біржан Доссмайылов екінші баланың өміріне әлі де қауіп төніп тұрғанын айтты.

"2005 жылы туған баланың жағдайы жақсы. Ал 2011 жылы туған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Бірақ әлі есін жиған жоқ, жағдайы ауыр", - деді бас дәрігер.

Сондай-ақ ол балалардың жарылыс кезінде жарақатты қалай алғанын айта алмайтынын жеткізді. 

"Олар бас сүйек-ми жарақатын алған. Жарақатты қалай алғанын айта алмаймын", - деді Біржан Доссмайылов.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі ұшып, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер. 

© Скрин видео SputnikЖарылыстан кейінгі Арыс
Арыстағы жарылыс: Нұр-Сұлтанға жеткізілген бір баланың жағдайы ауыр - Sputnik Қазақстан
Жарылыстан кейінгі Арыс

Қорғаныс министрі төтенше жағдайдың алдын ала себептерін атады. Оның айтуынша, жарылыстарға электр желісінің тұйықталуы, оқ-дәрідегі химиялық реакция, диверсия, бөтен бір заттың тиіп кетуі, шөптің жануы себеп болуы мүмкін. 

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден берілетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0