Қоғам

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанның ұлттық валютасы
Қазақстанның ұлттық валютасы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгіннен бастап елімізде жәрдемақы мөлшері артып, кедейлік шегі көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда жаздың екінші айы бірқатар жаңашылдық күшіне енеді. 1 шілдеден бастап болатын өзгерістер туралы толығырақ Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз.

Жәрдемақы өседі

1 шілдеден бастап ерекше қажеттілігі бар балалардың қамқоршыларына, сондай-ақ, бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге төленетін жәрдемақы көтеріледі.

Қазір мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерінде, яғни 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. Айта кетсек, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 29 698 теңге.

Енді заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жәрдемақы мөлшері 41 578 теңгені құрайды. Жаңа жәрдемақыны 95 мыңнан астам адам алады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жарлыққа қол қойды: кімдердің кредиті өтеледі

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Жәрдемақы есептеу процесі қандай да бір қосымша құжатсыз автоматты түрде жүргізіледі. Жәрдемақы әр айдың бірінен он бесіне дейінгі аралықта төленеді.

Кедейлік шегі көтеріледі

Шілде айынан бастап елімізде кедейлік шегін өсіру жоспарланып отыр. "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" бұйрыққа енгізілетін өзгерістерге сәйкес, ол 20 процентке ұлғаяды.

Яғни, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 процентінен 70 процетіне дейін көтеріліп, 20,8 мың теңгені құрайды.

Полицейлердің жалақысы артады

1 шілдеден бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айлығы өседі.

Тағы оқыңыз: Министр Тұрғымбаев 1 шілдеден жалақы қаншаға өсетінін мәлімдеді

Патрульдік полицияда 65%-ке, ал жедел-тергеу бөлімшелерінде 55%-ке көтеріледі. Ал қалған категориядағылардың еңбекақысы 25%-ке ұлғаяды.

Ұлттық банк шетелдік компанияларды бақылауға алады

1 шілдеден бастап шетелдік қаржылық емес ұйымдар Қазақстанның ұлттық банкіне валюта операциялары туралы хабар беріп тұрады. Жаңашылдық "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңға сәйкес енгізіліп отыр.

Валюта айырбастау пунктерінің жұмысы өзгереді

Жаздың екінші айынан бастап Қазақстанда валюта операцияларын іске асыру тәртібі өзгереді. Жаңашылдық, ең алдымен, айырбастау пунктеріне қатысты болмақ.

Бұл өзгерістер резидент заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз шетелдік валютаны сатып алғанда, валюта нарығындағы алыпсатарлыққа жол бермеуге бағытталған.

Кәсіпорындар бақылау-кассалық машиналарға көшеді

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдана бастайды.

Жыл соңына дейін тоқсан сайынғы негізде 633 қызмет түрі БКМ-ға ауысады.

Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану талабы ортақ пайдалану телекоммуникация желілері жоқ аумақта қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты емес.

"Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық заңды тұлғаларды тіркейді

Бүгіннен бастап коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізеді

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу тіркелетін органның қатысуынсыз egov.kz элекронды үкіметінің порталында электронды форматта жүргізіледі.

Функцияларды беру республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді.

Жүргізуші куәлігін енді "Азаматтарға арналған үкімет" береді

Қазақстанның ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөлімшелерін таратады. Бұл бөлімшенің функциясы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО) беріледі.

1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерден теоретикалық және практикалық емтиханды ХҚКО қызметкерері қабылдайды.

Темекі қымбаттайды

Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдеден бастап темекі тағы 20 теңгеге қымбаттайды. Енді бір қорап темекінің бағасы 400 теңге болады.

Жаңалықтар
0