Оқиға

"Еңбек жағдайы тең емес": Нұрлан Ноғаев Теңізде болған оқиға жайлы

© Sputnik / Михаил Маркив / Медиабанкке өтуМұнай-газ кен орны, архивтегі сурет
Мұнай-газ кен орны, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысының әкімі "Теңізшевройл" басшылығы және жұмысшыларымен кездесу кезінде инвесторлар Қазақстанның заңнамасын ғана емес, моральдық-этикалық норманы да сақтауы тиіс екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Теңіз кен орнындағы төбелестен кейін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елді мекенге барды. Өңір басшысы ірі мұнай компаниясының басшылығы және жұмысшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Бұл мәселе түрлі еңбек жағдайы салдарынан туындады. ТШО басшылығы да, барлық мердігерлер де шешуі тиіс жүйелік мәселе. Біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, инвесторлар жұмыс істеп жатқан елдің заңнамасын сақтауы тиіс. Сондай-ақ адамдардың намысына тиетін моральдық-этикалық нормаларды ескергені жөн.

"Таяу уақытта жобаның барлық қатысушыларымен кездесу өткіземіз. Оған компанияның бірінші басшылары қатысады, осы мәселелерді шешеміз. Ең бастысы - еңбек жағдайы барлығына бірдей болуы керек", - деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы

"Теңізшевройлдың" бас директоры Имер Боннер жағдайды реттеу үшін компания барын салатынын айтты.

"Біз CСЕР компаниясы және өзге мердігер ұйымдармен тиісті жұмыс жүргізетін боламыз", - деді Имер Боннер.

© Photo : YouTube / QAZ Trends29 маусым күні "Теңіз" кен орнында болған жағдай
Еңбек жағдайы тең емес: Нұрлан Ноғаев Теңізде болған оқиға жайлы - Sputnik Қазақстан
29 маусым күні "Теңіз" кен орнында болған жағдай

Жиыннан соң облыс әкімі Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының жұмысшыларымен кездесті. Компания қызметкерлері облыс әкімі мен ТШО басшылығынан жобаның жұмысын тоқтатпауды сұрады.

"Біз облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған ведомствоаралық комиссия құрдық. Ол тең еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесімен айналысады. Сіздер комиссияның құрамына өз өкілдеріңізді қоссаңыздар болады. Менің әріптестерім нөмірлерін қалдырады. Жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Сіздердің жұмыс кестелеріңізде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс қалыпты режимде жалғаса береді», - деді Нұрлан Ноғаев.

Теңіздегі төбелес

Сенбі, 29 маусым күні Теңіздегі 3GI зауытының мыңға жуық жұмысшысы ереуілге шыққан болатын. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болған. Фотоға Ливия азаматы Ели Дауд (Eli Daoud) пен қазақ қызы бірге түскен.

Суреттегі көріністі намысқа тиеді деп есептеген жұмысшылар ереуілге шығып, араб қызметкерлерін соққының астына алды.

Тағы оқыңыз: "Бар шындықты айтамыз": Елордалықтар митингіге шықты

Желіде жаппай төбелестің видеолары тарала бастаған болатын. Жұмысшылар жабылып, араб азаматын соққыға жыққан.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Теңіздегі жағдай тұрақты екенін хабарлады. Оқиға ішкі істер органдарының бақылауына алынды. Атырау облысының полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының логистика жөніндегі бас әкімшісі  Эли Дауд дау туғызып, ереуілге себеп болған фото үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Жаңалықтар
0