НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Димаш Құдайберген өзінің жеке концертінде қаза болған досы – мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге нөмір арнады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүкіл Қазақстанды есеңгіреткен Денис Теннің қазасы Димашқа да ауыр соқты. Оны еске түсіру үшін әнші SOS d'un terrien en détresse композициясын орындады, кезінде Денис осы әннің сүйемелдеуімен сырғанаған болатын.
Тағы оқыңыз: Димаш сәби кезіндегі суретін жариялап, қатты таңғалды
Мыңдаған көрерменге Олимпиаданың қола жүлдегерінің өнер көрсеткен сәті, сондай-ақ Денис Тен ән айтып жатқан кадрлар үлкен экраннан көрсетілді.
"Денис екеуміз менің келесі Қазақстандағы концертімде дуэт айтамыз деп жоспарлап едік, бірақ... амал қанша... Денис талантты, өте еңбекқор болды. Ол өнер, адамгершілік туын биік ұстады", - деп пікір білдірді Димаш.
Тыңдармандардың арасында марқұм мәнерлеп сырғанаушының ата-анасы болды. Анасы Оксана Тен көз жасын әрең тыйды.
"Барлық қазақ халқының атынан өз құрметімізді көрсетуге рұқсат етіңіз. Сіздің ұлыңызды ешқашан ұмытпаймыз. Қазақстан тарихында оның рөлі ерекше", - деді Димаш.
Жас мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 маусымында көлік ұрыларының қолынан қаза болды. Жиырма бес жастағы спортшы көп қан жоғалтып, ауруханада жан тапсырды. Трагедияға бір жыл өткеннен кейін қылмыскерлердің бірі Тенді ауыр жарақаттаған жерде спортшыға ескерткіш қойылды.