Қоғам

"Бар шындықты айтамыз": елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті

© Sputnik / Даурен ЕрболатовНұр-Сұлтандағы рұқсат етілген митинг
Нұр-Сұлтандағы рұқсат етілген митинг  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Митингіге шыққандар бір палаталы парламент құруды, екінші деңгейлі банктерде ипотеканы 6,5%-тен асырмауды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында рұқсат етілген митинг бейбіт түрде өтті, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шамамен 100-ден астам адам елордадағы Александр Пушкин және Шәкәрім Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы шағын скверге жиналды. Олар билік халықтың әлеуметтік жағдайына мән беруі қажеттігін жеткізді.

© Sputnik / Даурен ЕрболатовБейбіт митингіге жиналғандар билікке 22 талап қойды
Бар шындықты айтамыз: елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті - Sputnik Қазақстан
Бейбіт митингіге жиналғандар билікке 22 талап қойды

"Бар шындықты айтамыз. Осыдан 11 күн бұрын арыз жазып, оны әкімшілікке бердім. Олар маған ережені түсіндірді. Бүгінгі митингіні тыныш, мәдени түрде өткізу үшін жауапкершілікті өз мойныма алдым. Сондықтан осы митингіде өзімізді толғандырып жүрген мәселелерді және бар шындықты айтайық. Бірақ адамның атына сөз келетін, ар-намысын тиіетін сөздерден аулақ болайық", - деді "Байтақ – Болашақ" экология қауымдастығының басшысы Азаматхан Әміртай.

Өз ойын білдіргісі келетін азаматтарға 4 минут уақыт білдірді. Жалпы бейбіт митинг 2 сағатқа созылды. Соңында Байтақ – Болашақ" экология қауымдастығының өкілдері өз резолюцияларын қабылдады. Онда билікке 22 талап қойылған. Соның маңыздыларына тоқталсақ:

  • 1993 жылғы Қазақстан конституциясын негізге ала отырып, халық комиссиясын құру туралы және конституциялық реформа жасауға ұсыныс жасау;
  • Жаңа конституцияда жер, жер қойнауы, ресурстар халық меншігі болып жариялансын және әрбір азамат шикізат пен басқа да тауарларды сатудан үлес ретінде өз табысын алуы тиіс;
  • Кез келген маңызды мемлекеттік проблема бүкілхалықтық референдум, оның ішінде географиялық атаулардың, қалалардың, астананың және т.б. атауларын қайта қарау арқылы халықтың ерік-жігерімен шешілуі;
  • Саяси партиялар, бейбіт митингілер және шерулер, референдум, сайлау жайлы, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар және үкіметтік емес ұйымдар құру заңнамаларына өзгерістер енгізу;
  • АЭС салуға жол бермеу, оның үстіне әлемнің дамыған елдері атомнан жаңартылатын энергия түрлеріне көшті;
  • Бір палаталы парламент құру. Өйткені әлемде екі палаталы парламент федеративті құрамы бар мемлекеттерде құрылады. Парламентке партиялық тізіммен емес, сондай-ақ бір мандатты және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін де қабылдау;
  •  Барлық екінші деңгейлі банктерде ипотекалық проценттердің 6,5%-тен аспайтын етіп белгілеу;
  • Халықтың әлеуметтік осал санаттарының жалғыз баспанасына ипотекалық кредиттерін есептен шығару.
© SputnikЕлордадағы митинг 2 сағатқа созылды
Бар шындықты айтамыз: елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті - Sputnik Қазақстан
Елордадағы митинг 2 сағатқа созылды

Сонымен қатар Болатбек Біләлов есімді белсенді Арыстағы жарылысты ұлттық аза тұту ретінде белгілеп, Астана күнін дүркіретіп тойламау қажеттігін атап өтті.

Митингіден соң, азаматтар резолюцияға қол қойды.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев рұқсат етілген митингінің бейбіт өткенін жеткізді.

"Әкімшіліктен рұқсат алдыңыздар. Митингіні өткіздіңіздер. Барлығы заң аясында өтті. Митингінің арасында полиция қызметкерлері болған жоқ. Мені қосқанда, митингіні 6 полицей бақылады", - деді полиция қызметкері.

Алматыдағы бейбіт митинг

Әкімдік рұқсат берген митинг Алматыдағы "Сары Арқа" кинотеатрының маңында болды. Оған 300-ге жуық адам қатысты.

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматыдағы рұқсат етілген митинг
Бар шындықты айтамыз: елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы рұқсат етілген митинг

Аумақта полицейлер, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі болды. Жиын болған жердегі дүкендер мен базар алдын ала жабылды. Арнайы әзірлеген баннерде Қазақстан Конституциясының 32-бабы көрсетілген: "Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы".

ADAM bol журналының бұрынғы редакторы Гүлжан Ерғалиева халық пен мемлекеттік органдар арасында еш байланыс жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, халық үшін жалғыз шешім – бейбіт митингілер ұйымдастыру.

© Sputnik / Анна ПлатноваАлматыдағы рұқсат етілген митингіге жиналған жұрт
Бар шындықты айтамыз: елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы рұқсат етілген митингіге жиналған жұрт

Белсенділердің бірі қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысын теңестіру мәселесін көтерді. Ол жергілікті қызметкерлер шетелдіктерден еш кем түспейтінін алға тартты.

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматыдағы рұқсат етілген митинг
Бар шындықты айтамыз: елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы рұқсат етілген митинг

"Кәсіподақтар шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты заң әзірлеуді ұсынып отыр. Құжатта Қазақстанда жұмыс істейтін шетел азаматтарының еңбекақысы реттелетін болады. Біздің жерімізде еңбекақы бойынша теңсіздікке жол бермеу керек", -деді белсенділердің бірі.

Митинг соңында әнұран шырқалды.

Жаңалықтар
0