Оқиға

Арыста қанша үйдің күлі көкке ұшқаны белгілі болды

© Скрин видео SputnikЖарылыстан кейінгі Арыс қаласы, архивтегі фото
Жарылыстан кейінгі Арыс қаласы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыстан зақымданған 7700-ден астам тұрғын үй толық жөндеуден өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны — 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған.  

Күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынады. Үй иелері уақытша орынға жайғасты, деп хабарлады otyrar.kz.

Жалпы Арыс қаласында 7700-ден астам үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен.

Тағы оқыңыз: Мамин Арыстың әрбір тұрғынына 100 мыңнан берілетінін мәлімдеді

Арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі үшіп, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер.

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

Кеше үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден берілетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0