НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) Канаданың Тетфор Мин қаласындағы бокс кешіне қатысты.
Оның қарсыласы мексикалық Даниэль Вега Кота (14-3-1, 11 КО) болды, деп хабарлады Sports.kz.
Тағы оқыңыз: Садриддин Ахмедов қазақ па, өзбек пе – боксшы өзі жауап берді
Сегіз раундқа есептелген бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Ахмедов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы 90 секундтың ішінде екі рет нокдаунға түсті. Жекпе-жектің видеосын төменде көруге болады.
Ахмедовтың бұл кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі, ал Кота төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой бокстағы екі чемпиондық белбеуді иеленіп үлгерді – WBC "жастар" титуы мен бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі. Сондай-ақ Садриддин әуесқой бокста жастар арасында әлем чемпионы атанған.