Өңірлер

Арыстың әрбір тұрғынына 100 мыңнан беріледі: Мамин өңірде жиын өткізді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Арыс қаласының тұрғындары
Арыс қаласының тұрғындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр алдағы екі-үш аптада оқ-дәрі Арыс қаласынан көшірілуге дайын болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин сенбі күні өңірде отырыс өткізді. Ол Арыс халқымен кездесіп, әлеуметтік маңызы бар  нысандарды аралады.

Жиын қорытындысы бойынша үкімет басшысы қаланы қалпына келтіру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің 10 кешенді шарасын атап өтті. Оған сәйкес әрбір арыстыққа 100 мың теңгеден берілетін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Премьер-Министра РК (@primeministerkz)

"Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін үкіметтің қолға алған шарасы", - деді Асқар Мамин.

Мамин Арыста кіммен кездесті

Үкімет басшысы Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен еріктілерге алғыс айтты. Сондай-ақ, Мамин аурухана, мектеп пен басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды жедел қалпына келтіруді тапсырды.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі үшіп, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер.

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

Жаңалықтар
0