Өңірлер

Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациямСотрудники КЧС, помогающие жителям Арыси
Сотрудники КЧС, помогающие жителям Арыси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жойқын жарылыстан кейін Арыстан 3 566 адам эвакуацияланып, 39 мың тұрғын өзі кеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Сағат 18.00-дегі ахуал бойынша эвакуация пунктілерінен Арысқа 14 мыңнан астам тұрғын қайтты, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

"Арыс қаласына 302 автобус пен жеті мыңнан астам жеңіл көлік барды. Эвакуация пунктілерінде 58 адам қалды – Түркістан облысының Түлкібас және Шардара аудандарында", - деп хабарлады Нұрахметов.

Арысқа оралған тұрғындарға көмектесуге, сондай-ақ гуманитарлық көмекті түсіруге төтенше жағдайлар комитетінің 40 қызметкері, Ұлттық ұланның 50 сарбазы жұмылдырылды.

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациямҚұтқарушылар мен сарбаздар арыстықтарға көмектесіп жатыр
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео - Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар мен сарбаздар арыстықтарға көмектесіп жатыр

Төтенше жағдайлар комитетінің құтқарушылары 500-ден астам тұрғынды үйіне жеткізіп салды.

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациямАрыс халқы үйлеріне оралды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео - Sputnik Қазақстан
Арыс халқы үйлеріне оралды

Еске сала кетсек, жұма күні, 28 маусымда арыстықтарды қалаға қайтару басталды. Алғашқы көліктер қалаға таңғы сегізде кірді.

Арыстағы төтенше оқиға

24 маусым күні Түркістан облысы Арыс қаласындағы №44856  әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Қала тұрғындары Шымкент пен көрші аудандарға шұғыл көшірілді.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқан: бір қала тұрғыны және екі әскери қызметкер. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 165 адам дәрігерлердің көмегіне жүгініпті: 89 науқас ауруханаға жатқызылды, олардың ішінде 18 бала, 13 жүкті әйел, бес жас босанған келіншек бар. Қазір тоғыз адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Жаңалықтар
0