Әлем

Жасөспірім терезеден құлап кеткен баланы қағып алды – видео

CC0 / StockSnap / Қыз жүзін қолымен жауып отыр
Қыз жүзін қолымен жауып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жасар қыз терезенің алдында ойнап отырған, бұл кезде оның анасы асүйде болған  

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Стамбұлда 17 жасөспірм терезеден құлап кеткен баланы қағып алды.

Оқиға Стамбұлдың Фатих ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Баланы құтқарған сәт сыртқы видеобақылау камерасына түсіп қалған.

TRT Haber басылымының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім төтенше оқиға болғанға дейін үйдің ауласында достарымен бірге уақыт өткізіп отырған. Кенет ол жоғарыға қарап, ашық тұрған терезенің шетінде отырған баланы көріп қалады. Қыз әрі-бері қозғала бастайды. Жасөспірім үйдің жанына жүгіріп барып, оны қағып алады.

Қыздың әкесі құтқарушы жігітке ақша беріп, алғысын білдірді. Келесі күні таңертең отағасы құрбандық шалып, үйдің ауласында мереке ұйымдастырды.       

Жаңалықтар
0