НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы мемдекет басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Әскери-саяси ықпалдастықты, атап айтқанда, ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық", - деп жазды Тоқаев.
Ол ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Беларусьтің Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы С.Засьті қабылдадым. Әскери-саяси ықпалдастықты, атап айтқанда, ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Бұл ұйым Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. pic.twitter.com/T4cXXSwacl
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 28 июня 2019 г.
Бұған дейін Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы лауазымына қсынылды. Оның кандидатурасына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесі келісім берді.
ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысы Юрий Хачатуров Армениядағы 2008 жылғы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша қылмыстық қудалаумен байланысты қызметінен босатылды.