Қоғам

Қазақстан журналистері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневДиктофон, архивтегі фото
Диктофон, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Таяуда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні 28 маусымға белгіленген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 28 маусымда аталып өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын, 2019 жылдың 26 маусымында Қазақстанда жаңа мереке құру туралы үкімет қаулысы жарияланды. Құжат 28 маусымды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні, ал 17 мамырды байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні деп белгілеуді қарастырады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырды 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін құруды тапсырды.

Тәуелсіз Қазақстанда Журналистика күні алғашында 10 мамырда тойланды, дата 1870 жылы қазақ тіліндегі алғашқы газет –"Түркістан уәлаяты газеті" шыққан күнмен байланысты болды. Дегенмен бұл мереке ресми емес еді.

2011 жылы жаңа дата бекітілді. Ол 1991 жылдың 28 маусымында Қазақ КСР-ның "Баспа және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңының қабылдануына орайластырылды. Дегенмен бұл күн "құбылмалы" болды – Баспа, радио және телевидение күні маусымның соңғы жексенбісінде аталып өтті.

Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылдың 20 қазанындағы жарлығымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні 28 маусымға белгіленді.

Жаңалықтар
0