Әлем

Ондаған пациент әйелді жүкті қылған дәрігер жауапқа тартылды

CC0 / Astrid Pereira / Беременная женщина
Беременная женщина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалардың бірі ата тегін білмек болғанда, дәрігердің ісі әшкере болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Канаданың Оттава қаласында репродуктолог дәрігер Бернард Норман Барвин ондаған жыл бойы бедеу келіншектерді жасанды ұрықтандырғанда, басқа ер адамның шәуетін пайдаланған.

25 маусымда медицина стандартын бақылаушы және лицензия беруші Онтарио колледжі Барвинді 10 мың Канада долларын (3 миллион теңгеге жуық) төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ медицина саласында жұмыс істеуіне тыйым салып, лицензиясынан айырды. 80 жастағы дәрігер бұл шешімге қарсылық танытып, шағым түсірген жоқ, деп хабарлайды CBC News порталы.

2013 жылы дәрігер үш әйелді жасанды ұрықтандырғанда басқа еркектің шәуетін пайдаланғаны үшін жұмыстан аластатылды. Ол кезде Барвин бұл әрекетін "шатастырып алдым" деп түсіндірген еді.

Тағы оқыңыз: Ауруханада бірге істейтін сегіз медбике бірінен соң бірі жүкті болып қалды

Оның дәрігерлік қызметінде осындай жайт шамамен 50-100 рет қайталаныпты. 11 жағдайда Барвин келіншектерге айтпай, өзінің биологиялық материалын пайдаланған.

ЭКО арқылы дүниеге келген балалардың бірі өзінің ата тегін білмек болғанда ғана, дәрігердің астыртын әрекеті әшкере болды. Сол кезде тағы бір балада генетикалық жолмен берілетін дерт анықталды, ал оның ата-анасы мұндай аурумен ауырмайды екен.

ЭКО арқылы дүниеге келгендердің бірі – 29  жастағы Ребекка Диксон үш жыл бұрын туған әкесі Барвин екенін білді.

Тағы оқыңыз: Жүкті әйелдерге - 425 мың теңге: министр жаңа төлем туралы айтты

"Бір сәтте өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Біраз уақыт өз-өзімді жат сезініп жүрдім", - дейді қыз.

Қазір Диксон өзінің туған аға-бауырларын іздеп жатыр. Әзірге 15 туысын тауыпты, бірақ олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0