Қоғам

ҰБТ-да ең жоғары 140 балды кім алғаны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін республикада тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің бес күнін қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі ҰБТ-ға қатысқан. Бұл - өтініш бергендердің 96 проценті. Оның ішінде қазақ тілінде – 56684, орыс тілінде – 14455, ағылшын тілінде 87 түлек тапсырды.

"24 маусым күні ең жоғары 140 балл тіркелді. Жоғары балды Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі, "Алтын белгі" иегері Жұбай Қасымжан Әділжанұлы жинаған", - деді Тойбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, бүгінгі күнге дейін ең көп таңдалып отырған пәндер қатарында физика, математика, биология жән химия пәндері бар.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-2019: қанша түлек тестілеуден өтпей қалды?

Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысты. Оларға арнайы жеке аудитория беріліп, арнайы мамандар жұмыс істеді.

"Барлық аудитория ұялы телефон сигналдарын басатын құралдармен, бейнекамералармен жабдықталған. Тестілеу өткізу мерзімінде Ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына 546 қоңырау түсті. Олардың көбісін тамыз айындағы ҰБТ мен жоғары оқу орындарына түсу жайы қызықтырды", - деді департамент директоры.

Тойбаев республикалық аппеляциялық комиссияға 111 өтініш келіп түскенін, оның ішінде 63-і қанағаттандырылғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Намысыма тиеді": тестілеу орталығының жаңа басшысы неге ашуланды?

ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта – edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында – www.testcenter.kz жарияланады.

Жаңалықтар
0