Қоғам

Жастарға арналған баспананың шарттары таяуда жарияланады

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арендалық тұрғын үйлерді үлестіру ережесі 2019 жылдың 1 тамызына дейін бекітіледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Жастарға арналған арендалық баспананың ережелері 1 тамызға дейін бекітіледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жастар үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 350 жалдамалы пәтерден, ал Шымкентте 300 пәтер салынады.

"Министрлік арендалық тұрғын үйді беру ережелерін әзірледі. Оны 2019 жылдың 1 тамызына дейін бекітуді жоспарлап отырмыз", - деді Абаев хаыққа есеп беру кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр Жастар жылының мақсаты жас қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету емес екенін қадап айтты. Бұл қолға алынған шаралардың бірі ғана дейді.

Жастардың өзекті мәселелерін тиімді шешу үшін 89 іс-шараны қамтыған Жол картасы әзірленген. Соның аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жағы да қаралған. Бұл үшін арнайы "Жас кәсіпкер" жобасы әзірленген.

"Алдағы үш жылда 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грант, тиімді шарттармен кредит пен микрокредиттер беру де қарастырылған", - деді Абаев.

Бұған қоса, білім мен волонтерлікті дамыту аясында "Жас маман" бағдарламасы әзірленді. Жоба аясында республика бойынша 200 оқу мекемесі үшін 400-ден аса заманауи жабдық сатып алынады.

Жаңалықтар
0