Қоғам

Таран ауданының атауы өзгерді

© Sputnik / Владислав ВодневМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы бұған дейін Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын", - деп жазылған жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2019 жылдың 23 наурызындағы президент жарлығымен Астана атауы Нұр-Сұлтан деп қайта аталды.

Тағы оқыңыз: Зырян қаласы мен ауданының атауы өзгертілді

Сондай-ақ өткен жылдың қыркүйегінде Зырян қаласы мен ауданының атауы Алтай болып өзгерді.

Жаңалықтар
0