Елорда тынысы

Kóshpendiler álemi этнофестиваліне қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

© Sputnik / Олеся Мозговая"Көшпенділер әлемі" фестивалі
Көшпенділер әлемі фестивалі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада 28-30 маусым аралығында халықаралық Көшпенділер әлемі этнофестивалі өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Халықаралық этнофестивальді өткізуге 130 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Каzakh tourism АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық шара елордада 28-30 маусым аралығында өтеді.

"Kóshpendiler álemi этнофестивалі өткен жылы да ұйымдастырылды. Бұл фестивельге қызығушылық артып отыр. Мысалы, өткен жылы шараға 8 елден 90 қатысушы болса, биыл 10 мемлекеттен 180 қатысушы келгелі отыр", - деді Каzakh tourism АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингте.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестивальде кәсіби садақшылардың жарысы, көкпаршылар мен бүркітшілердің сайысы өтеді.

Тимур Дүйсенғалиев халықаралық шараға қанша қаржы бөлінгенін айтты.

"Фестивальге шамамен 130 миллион теңге бөлінді. Оның үштен бір бөлігі шетелдік қонақтарды шақыруға жұмсалды. Бұл әлемде қалыптасқан тенденция", - деді Каzakh tourism АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Көшпенділер әлемі этнофестиваліндегі сайыстарға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Татарстан командалары қатысады.

© Photo : АО НК Kazakh Tourism/ Мейрам НуртазинБұған дейін ұйымдастырылған Kóshpendiler álemi этнофестиваліндегі арулар
Kóshpendiler álemi этнофестиваліне қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Бұған дейін ұйымдастырылған Kóshpendiler álemi этнофестиваліндегі арулар

Шараны Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша Каzakh tourism компаниясы ұйымдастырады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі шараға қолдау көрсетеді.

Жаңалықтар
0