Инфографика

Арыстағы жарылыс: соңғы мәліметтер

Жазылу
НовостиTelegram
24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында таңғы сағат тоғыздан кейін өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды

Жарылыстардан кейін жергілікті тұрғындар төрт бағыт бойынша қауіпсіз жерге көшірілді.

Облыста төтенше жағдай жарияланды. Арыста шамамен 45 мың адам тұрады. Қала Шымкенттен 85 шақырым, ал Түркістаннан 168 километр жерде орналасқан.

Тағы оқыңыз: Арыста жоғалған әскери қызметкер табылды

Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты, оның біреуі – әскери қызметкер.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 165 адам зардап шеккен, 15 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнына  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды.

Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына өз ақшасын аударды

Жаңалықтар
0